15.04.2013, 15:11 3619

Оралда джип үйге соғылып, іргесін қиратты

Апат 15 сәуірде сағат таңғы 4 шамасында "Жұлдыз" шағын ауданында орын алған. Еуразия мен Алаш көшелерінің қиылысында ол жолдан шығып кетіп, қоқыс жәшігін қаға, шарбақты ысырып өтіп, үйдің іргесіне соғылған. Көлікте қауіпсіздік жастығы жұмыс істеп, жүргізушісі мен жолаушысы ауа ауыр жарақат алмаған. Соған қарамастан апаттан кейін 25 жасқа дейінгі жастар такси ұстап, ауруханаға өздері жүгінген.

Астана. 15-сәуір. Kazakhstan Today - Оралда "Тойота Ландкрузер 100" жол талғамайтын автокөлігі тұрғын үйдің іргесіне соғылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, қатты соққыдан автокөлік аударылып кетті.

Апат 15 сәуірде сағат таңғы 4 шамасында "Жұлдыз" шағын ауданында орын алған. Еуразия мен Алаш көшелерінің қиылысында ол жолдан шығып кетіп, қоқыс жәшігін қаға, шарбақты ысырып өтіп, үйдің іргесіне соғылған. Көлікте қауіпсіздік жастығы жұмыс істеп, жүргізушісі мен жолаушысы ауа ауыр жарақат алмаған. Соған қарамастан апаттан кейін 25 жасқа дейінгі жастар такси ұстап, ауруханаға өздері жүгінген.

"Көлік жүргізушісі материалдық шығындарды толығымен өтеді. Сол себепті полицейлерді шақырған жоқпыз", - дейді үй иесі.

Тұрғын үйді толығымен қалпына келтіру үшін үйдің шатырын ашу керек.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны