10.02.2012, 11:39 3958

Оралда көп қабатты тұрғын үйде өрт шықты

9-ақпан күні Орал қаласындағы Достық даңғылының 244 үйінде орналасқа 14 қабатты тұрғын үйде.

Астана. 10-ақпан. Kazakhstan Today - Оралда көп қабатты тұрғын үйде өрт шықаты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 9-ақпан күні Орал қаласындағы Достық даңғылының 244 үйінде орналасқа 14 қабатты тұрғын үйде.

Өрт сөндіру барысында бірінші қабаттан жоғарғы қабатқа дейінгі лифт шахтасындағы телекоммуникация сымдарының жанғаны белгілі болды. Ғимараттан барлығы 76 адам қауіпсіз жерге көшіріліп, 20 адам құтқарылған. Оның жетеуі - бала.

Өрт бір сағаттан кейін сөндірілген. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Өрт сөндіруге 7 арнайы өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. Қазіргі кезде өрттің шығу себебтері анықталуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны