28.05.2010, 10:03 2183

Оралда өртенген көлікте екі жасар бала қаза тапты

Оралда өртенген көлікте екі жасар бала қаза тапты

Астана. 28 мамыр. Kazakhstan Today - Оралда өртенген көлікте екі жасар бала қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "кеше сағат 16.44-те Деркул кентінің Үміт ықшамауданында "ИЖ" автокөлігі өртенді. Өрт аумағы 3 шаршы метрді құрады".

ТЖМ мәліметінше, "өртті сөндіру барысында 2008 жылы туған баланың мәйіті табылған".

Өрт Батыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметінің 1 арнаулы техникасы мен жеке құрамының 4 адамының күшімен 16 сағат 56 минутта сөндірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны