22.01.2008, 10:13 1466

Оралда өрттің салдарынан бір әйел мен төрт бала зардап шекті

Оралда өрттің салдарынан бір әйел мен төрт бала зардап шекті

Орал. 22 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Оралда өрттің салдарынан бір әйел мен төрт бала зардап шекті, деп хабарлайды агенттік ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің мәліметтері бойынша, 21 қаңтарда сағат 14.20 жер үйлердің бірін өрт шарпып , соның салдарынан дене жарақатын алып, көмір қышқыл газынан уланған бір әйел мен 2-ден 6 жас аралығында төрт бала ауруханаға жеткізілд і.

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, өртті сөндіруге арнайы 3 бірлік техника және ҚР ТЖМ жеке құрамының 13 қызметкері жұмылдырылып, тілсіз жау сағат 18.00 ауыздықталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны