11.02.2011, 17:19 8316

Оралдағы құс фабрикасында өрт шықты

Батыс-Қазақстан облысы Орал қаласындағы "Орал Құс" ЖШС құс фабрикасында өрт шығып, соның салдарынан 70-ке жуық құс қырылып қалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 11 - ақпан. Kazakhstan Today - Батыс-Қазақстан облысы Орал қаласындағы "Орал Құс" ЖШС құс фабрикасында өрт шығып, соның салдарынан 70-ке жуық құс қырылып қалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

11 ақпан күні түнде сағат 00.06 жалға алушы "Перспектива + S" ЖШС, "Орал Құс" ЖШС құс фабрикасының инкубация бөлімінде өрт шыққан.

Тілсіз жау 350 шаршы метр аумақты шарпыған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

"Өрт болған жерде 70-ке жуық құс қырылып қалған", - деп хабарлады ТЖМ. Өрт сағат 02.56 ауыздықталған. Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ БҚО ТЖД өрт сөндіру қызметінің 16 қызметкері мен 4 техникасы жұмылдырылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны