15.01.2008, 11:54 2167

Өскеменде 2007 жылы төтенше жағдайлардың салдарынан 82 адам қаза тапты

Өскеменде 2007 жылы төтенше жағдайлардың салдарынан 82 адам қаза тапты

Өскемен. 15 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Өскеменде 2007 жылы төтенше жағдайлардың салдарынан 82 адам қаза тапты. Бұл туралы агенттік тілшісіне Өскеменнің төтенше жағдайлар басқармасынан хабарлады.

"2007 жылдың 12 айындағы төтенше жағдайларға жасалған талдаулар көрсеткендей, осындай 409 оқиға тіркелген, бұл 2006 жылғы деңгейден 6%-ға кем, ал былтыр 434 адам зардап шекті (23%-ға кем), соның ішінде 82 адам қаза тапты ( 17% артық)", -деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Мекемедегілердің хабарлауынша, былтыр төтенше жағдайлар санатына жатқызылған 343 жол апаты тіркелді, бұл 2006 жылғыдан 5% кем. Соның салдарынан 370 адам зардап шекті, оның 44-і қаза тапқан, бұл 2006 жылғыдан 33% артық.

2007 жылы Өскеменде 431 өрт шықты, соның ішінде 29 оқиға төтенше жағдайлар санатына жатқызылған (2006 жылы - 30 оқиға). Соның салдарынан 15 адам қаза тапты, бұл 2006 жылғыдан 11% аз. Өрттерден 14,5 млн теңгенің шығыны келді.

Есепті мерзімде судағы оқыс оқиғалардың саны 14%-ға азайып, 37 оқиғаны құрады. Зардап шеккендердің саны 62,2%-ға (51 адам) азайды, оның 28-і құтқарылып, 23 адам қаза тапты.

"2007 жылдың 12 айында жарылғыш заттардың орнатылған туралы 15 (2006 жылы 22) хабар келген. Олардың бәрі де жалған болып шықты", -деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Мекемедегілердің ақпаратынас сәйкес, "2-ші дәрежелі қолайсыз ауа райы байқалған күндер қаңтар мен желтоқсан аралығында 99 күн болған, бұл 2006 жылғыдан 12 күн артық".

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 2007 жылдың 12 айында Өскемен қалалық төтенше жағдайлар басқармасы 9 кешенді оқу-жаттығулар, 24 нысандық жаттығулар, 105 командалық-штабтық оқу-жаттығуларын, 30 тактикалық арнаулы оқу-жаттығулар, 260 сейсмикалық жаттығу, 260 апаттық жағдайға қатысты жаттығулар мен 58 азаматтық қорғаныс күнін өткізген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны