06.03.2013, 13:21 3175

Өскеменде адамдарды жылытуға арналған автомобиль қозғалыс барысында отқа оранды

Төтенше жағдай туралы хабар өрт сөндіру қызметінің кезекшісіне келіп түсті. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер лаулап жатқан көліктен екі ер адамды алып шықты. Автомобиль қозғалыс кезінде өртене бастағаны анықталды.

Өскемен. 6-наурыз. Kazakhstan Today - Өскеменде адамдарды тасымалдауға және жылытуға арналған автомобиль қозғалы кезінде жалындай бастады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ГАЗ-3307 көлігі будкасының ішкі қаптамасы, орындықтары мен жабдықтары жанды.

Төтенше жағдай туралы хабар өрт сөндіру қызметінің кезекшісіне келіп түсті. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер лаулап жатқан көліктен екі ер адамды алып шықты. Автомобиль қозғалыс кезінде өртене бастағаны анықталды.

Абырой болғанда, көліктің ішінде болған 35 және 47 жастағы ер адамдар құтқарылды. Олардың денелерінің 3 пайызын күйік шалды - 1-2 дәрежелі. Ер адамдар медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне қайтарылды.

Автомобильде өрттің шығуының екі нұсқасы қарастырылуда: жоғары қауіпті агрегатты абайсыз қолдану және жылыту пешін пайдалану кезінде ережелерді бұзу.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны