22.01.2009, 12:27 1549

Өскеменде аяз салдарынан мектептерде сабақ тоқтатылды (толықтырылған)

Өскеменде аяз салдарынан мектептерде сабақ тоқтатылды

Өскемен. 22 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Өскеменде аяз салдарынан мектептерде сабақ тоқтатылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Өскемен қалалық Төтенше жағдайлар басқармасына сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бүгін таңертең аймақта ауаның температурасы 33 градус аязға дейін төмендеген. "Соған байланысты қаладағы мектептерде 1 мен 9 сыныптар аралығында сабақты тоқтату туралы шешім қабылданды", - деп хабарлайды басқармадағылар.

Сондай-ақ, Семей қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының тұрғындарды азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайларға дайындау орталығының бастығы Оразхан Ыбыраевтың айтуынша, Семейде де аяз салдарынан мектептер мен колледждердің бірінші курстарында сабақ тоқтатылды.

"Бүгін таңгертеңгі сағат 6-да ауаның температурасы минус 33 градус аязға дейін төмендеген. "Соған байланысты қаладағы мектептерде 1 мен 11 сыныптар аралығында және колледждердің бірінші курстарында сабақты тоқтату туралы шешім қабылданды", - деп хабарлайды басқармадағылар.

Оразхан Ыбыраевтың хабарлауынша, "өткен тәуліктерде күн райының нашарлауына байланысты қандайбір оқыс оқиға тіркелген жоқ, жолдар барлық бағыттарда ашық".

"Күн райын болжаушылардың мәліметінше, аяздың ең шарықтау шегі қаңтардың 21-інен 22-сіне қараған түнге сәйкес келді, бұдан былай аяздың беті қайтады", -деді О. Ыбыраев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны