29.10.2010, 14:05 3275

Өскеменде экономикалық соттың ғимаратында өрт шықты

Өскеменде №2 экономикалық соттың ғимаратында өрт шықты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 29 - қазан. Kazakhstan Today - Өскеменде №2 экономикалық соттың ғимаратында өрт шықты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ТЖМ хабарлауынша, бүгін сағат 00.49 Өскемен қаласындағы №2 экономикалық сот ғимаратының 1-қабатындағы кабинеттердің бірінде өрт шықты. Өрт 1 шаршы метр аумақты қамтыған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Тілсіз жау сағат 01.10 сөндірілді. Өртті ауыздықтауға ҚР ТЖМ Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметінің жеке құрамындағы 11 қызметкер мен 2 техника жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны