02.06.2008, 12:36 1628

Өскеменде қала орталығында екі жасар бала аяусыз өлтірілді

Өскеменде қала орталығында екі жасар бала аяусыз өлтірілді

Өскемен. 2 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Өскеменде, қала орталығында екі жасар баланы бауыздап кетті. Бұл туралы баспасөз мәслихатында Өскеменнің ішкі істер басқармасының бастығы Мержан Жапаров мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"24 мамыр күні сағат 23.00 шамасында кезекші пультіне белуарынан пышақ жарақатын алған 29 жастағы ер адам ауруханаға жатқызылғаны жайлы ақпарат келіп түсті. Ауруханада ол Ленинка ауылынан екі жасар баласымен келгенін айтқан. Ол сондай-ақ, баланың қайда екенін білмейтін болып шықты", - деп хабарлады М. Жапаров.

Жәбірленушінің айтуына қарағанда, өзінің ұялы телефонын жоғалтып алып, ер адам оны табу үшін өткен-кеткендерден өз нөміріне қоңырау шалуды өтінген. Содан кейін бейтаныс адамдарға білдірген алғысы ретінде ішімдік алып берген, деп хабарлады М. Жапаров. Екі ер адам қолма-қол ақшаны көрісімен тартып алмақшы болған. Өміріне қауіп төнген әке бейтаныс адамдарға 400 теңге беріп, қашып кеткен. Ал баласы сол жерде бейтаныстармен бірге қалып қойған.

"Екі ер адам ашуын сол баладан алған. Оған анықталмаған өткір затпен және бәкімен тамағынан төрт рет, кеудесінен екі рет жарақаттаған. Алынған жарақаттарынан бала қайтыс болған. Баланың денесін Тәуелсіздік даңғылындағы бұталардың түбіне жасырып, қылмыскерлер ізін суытқан", - деді М. Жапаров.

М. Жапаровтың айтуынша, қазір күдіктілер тұтқындалған. Оларға алдын-ала келісім бойынша топ болып қарақшылық жасады (ҚР Қылмыстық кодексінің 179 -бабы, 2-тармағы, "а" тармақшасы ) және ерекше аяусыз адам өлтірді (ҚР Қылмыстық кодексінің 96-бабының 2-тармағының "в", "д", "ж" тармақшалары) деген айыптар тағылды.

"Менің жиырма бес жылдық жұмыс тәжірибемде Өскеменде болған ең қатігез бала өлімі", - деді М. Жапаров.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны