27.02.2012, 12:55 3395

Өскеменде қар арасынан бір келі героин табылды

Шығыс Қазақстан облысы Есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкерлері есірткі саудасымен айналысқан қылмыстық топтың қызметін әшкерелерген. Тінту барысында бір келіден астам героин тәркіленді, деп хабарлайды ШҚО ІІД.

Астана. 27-ақпан. Kazakhstan Today - Өскеменде қар арасынан бір келі героин табылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысы Есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкерлері есірткі саудасымен айналысқан қылмыстық топтың қызметін әшкерелерген. Тінту барысында бір келіден астам героин тәркіленді, деп хабарлайды ШҚО ІІД.

"ШҚО ІІД қызметкерлері "Бүркіт" арнайы жасағының, жол полициясы жеке батальонының, көші-қон полициясы басқармасының, сондай-ақ кинологиялық қызмет орталығының қызметкерлерімен бірлесе отырып шұғыл-іздестіру шараларын өткізу барысында "Допинг" операциясы шеңберінде екі жас жүігіттен құралған есірткі саудасымен айналысатын топты құрықтады", - деп әңгімеледі ШҚО ІІД баспасөз қызметінің өкілі Мерей Мұздыбаев.

Жеке тінту барысында екеуінің қалтасынан 10 грамм көлемінде героин табылып, тәркіленді. Жас жігіттердің бірінің пәтерін тексеру барысында кіреберіс бөлмеден тағы 40 грамм героин табылды.

"Негізгі тосынсый полиция қызметкерлерін күдіктілердің бірінің үйін және айналасын тексеру барысында күтіп тұрған болатын. Қар арасынан құрылыс қалдықтары салынған қаптардың астынан ішінде 1 келіден астам героин болған пакет табылды", - деп хабарлады М.Мұздыбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны