11.12.2007, 17:58 3006

Өскеменде кәсіпкерлерден ақша талап етіп жүрген СЭС-тің жалған қызметкерлері іздестірілуде

Өскеменде кәсіпкерлерден ақша талап етіп жүрген СЭС-тің жалған қызметкерлері іздестірілуде

Өскемен. 11 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Өскеменде кәсіпкерлерден ақша талап етіп, санитарлық эпидемиология станциясының қызметкерімін деп жүрген алаяқ іздестірілуде. Бұл туралы ШҚО ІІД баспасөз қызметінде хабарлады.

"Қалада соңғы үш аптада азиялық нәсілді екі ер адам дүкендерге, кафе, сыраханаларға кіріп, өздерін санитарлық -эпидемиологиялық станциясының қызметкеріміз деп таныстырып жүр. Олар жалған қызыл куәліктер көрсетіп, терезе алдындағы шаң үшін 5-15 мың теңгеге дейін айып салып отырған", - деді баспасөз қызметінің қызметкері Нәзира Жолтай. Олардың сөздері бойынша, бірқатар кәсіпкерлер оларға сеніп, талап еткен ақшаларын беріп отырған.

Қазір алаяқтар іздестірілуде. Сонымен қатар, полиция қызметкерлері тұрғындардың сақ болуға және күдікті жағдайлар туындағанда ақпарат беруге шақырды.

Тұрғындарға СЭС қызметкерлерінің куәлігінде қандай деректер жазылатыны туралы мәлімет таратылды. "Егер тексерушілер ондай құжаттарды көрсетпесе, онда олардың алаяқ болу әбден мүмкін", - деп түсіндірді Н. Жолтай.

Баспасөз қызметінің деректері бойынша, Өскеменде 2007 жылдың 11 айында құқық қорғау органдарында 372 алаяқтық оқиға тіркелді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны