28.01.2008, 16:22 2473

Өскеменде қатты аяз салдарынан мектептердегі сабақ тоқтатылды

Өскеменде қатты аяз салдарынан мектептердегі сабақ тоқтатылды

Өскемен. 28-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Өскеменде қатты аяз салдарынан мектептердегі сабақ тоқтатылды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне облыс орталығының төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасынан хабарлады.

Қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі басқарманың мәліметтеріне сүйенсек, Өскеменде таңғы 6 сағаттарда ауаның температурасы 32 градусқа дейін төмендеген. "Осыған байланысты бүгін қала мектептеріндегі бірінші ауысымның 1-9 сыныптарында сабақты тоқтату туралы шешім қабылданды",- деп түсіндіріп өтті төтенше жағдайлар жөніндегі басқармадағылар

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны