12.10.2006, 10:16 2997

Өскеменде қонақ үй кешенінде өрт шықты; құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ

АСТАНА. 12-қазан. Kazakhstan Today. Өскеменде "De Luxe" қонақ үй кешенінде өрт шықты. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Үш қабатты кірпіш ғимараттағы өрт сәрсенбі күні 15 сағат 8 минутта шықты. "Үй шатырының 300 шаршы метр жерді алып жатқан ағаш конструкциялары өртенді".

Өртті сөндіруге ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің өрт сөндіру қызметінің 50 адамы мен 13 техникасы жұмылдырылды. Өрт 19 сағат 33 минутта сөндірілді.

Мекеме ақпаратына сәйкес, қонақ үйде тұратындар мен қызметкерлерден ешкім зардап шеккен жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны