06.09.2011, 14:10 3189

Өскеменде көп қабатты үйде шыққан өрт салдарынан 25 адам, соның ішінде 7 бала қауіпсіз жерге көшірілді.

Өскемен қаласында көпқабатты үйдің кіреберісінде болған өрт салдарынан екі адам, соның ішінде жана туған нәресте көмірқышқыл газына уланып қалған.

Астана. 6-қыркүйек. Kazakhstan Today - Өскеменде көп қабатты үйде шыққан өрт салдарынан 25 адам, соның ішінде 7 бала қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Өскемен қаласында көпқабатты үйдің кіреберісінде болған өрт салдарынан екі адам, соның ішінде жана туған нәресте көмірқышқыл газына уланып қалған.

Белгілі болғандай, 5 қыркүйек күні 20 сағат 40 минутта Өскемен қаласының Қазақстан көшесінде орналасқан 5 қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің кіреберісінен өрт шықты. Төтенше жағдай орнына дереу жеткен құтқарушылар үйден 25 адамды, соның ішінде 7 баланы қауіпсіз жерге шығарды. Сағат 21.19-да Шығыс Қазақстан облысы бойынша ТЖД-ның 9 адамы мен 3 техникасының күшімен тілсіз жау толығымен ауыздықталды.

Өрт кіреберістің 4 шаршы метр аумағын шарпыды. Ысты газға уланған 78 жастағы азаматша мен 2011 жылы туған нәресте ауруханаға жеткізілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны