03.05.2013, 15:56 3478

Өскеменде мас қыздар жас жігітті соққыға жығып, тонап кеткен

"Кешкі уақытта "102" нөміріне 27 жастағы Ю. деген азамат қоңырау шалып, Астафьев көшесіндегі үйлердің бірінің ауласында өзіне қарақшылық шабуыл жасалғанын хабарлайды. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері жігітті бейтаныс екі қыз бірге спирттік ішімдік ішкеннен кейін соққыға жығып, ұялы телефоны мен қолғабын, аяқ киімін тартып алғанын анықтайды", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Өскемен. 3-мамыр. Kazakhstan Today - Өскеменде мас қыздар жас жігітті соққыға жығып, тонап кеткен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ШҚО ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Өскеменде 23 және 26 жастағы 2 мас қыз жас жігітті соққыға жығып, ұялы телефоны мен қолғабын, тіпті аяқ киімін алып кеткен.

"Кешкі уақытта "102" нөміріне 27 жастағы Ю. деген азамат қоңырау шалып, Астафьев көшесіндегі үйлердің бірінің ауласында өзіне қарақшылық шабуыл жасалғанын хабарлайды. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері жігітті бейтаныс екі қыз бірге спирттік ішімдік ішкеннен кейін соққыға жығып, ұялы телефоны мен қолғабын, аяқ киімін тартып алғанын анықтайды", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Полицияға 1986 және 1989 жылы туған екі қыз жеткізілген. Ұрланған заттар алынды, қыздар айыбын мойындап отыр. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны