Система Orphus

Өскеменде медсанбөлімше кассирін өлтіріп, 16 млн астам теңгені тонап кеткен күдіктілер ұсталды

25.09.2008, 15:26 407

Өскемен. 25 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Өскеменде медсанбөлімше кассирін өлтіріп, 16 млн астам теңгені тонап кеткен күдіктілер ұсталды. Бұл туралы Қазақстан Бүгін тілшісіне ШҚО ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 12 қыркүйекте Өскеменде бөлімше қызметкерлеріне жалақысын тарату үшін банктен ақша тасымалдау барысында №2 медсанбөлімшенің кассирі мен күзетшісіне қару қолданған қарақшылық шабуыл жасалды. Шабуыл салдарынан кассир оқиға орнында қаза тауып, күзетші ауыр жараланған. Қылмыскерлер 16 млн 100 мың теңгені алып іздерін суытты.

"Сол күні күдіктілердің фотороботы жасалды. Оларды ұстауға ШОҚ ІІД-нің жеке құрамы толық жұмылдырылды. Қылмыс жасалғаннан жеті күннен кейін криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері төрт күдіктіні ұстады. Олардың бәрі де қылмыстарын мойындады", - деді ШҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Лариса Поломошнова.

"Бүгінгі жағдаймен тоналған ақшаның төрттен бір бөлігі қайтарылды. Қылмысты тергеу барысы жайлы кейін хабарланады", -деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны