11.04.2013, 12:33 3500

Өскеменде нашақор анасы мен әжесін балғамен ұрып өлтірген

ҚР ШҚО ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, наурыз айының соңында полиция бөліміне жас қыздан хабарлама келіп түседі. Оның айтуынша анасы мен әжесі тұратын пәтердің есігін ешкім ашпай қойған. Қыз есіктің сырттан жабылғанына алаңдаулы болған. Сондай-ақ анасы да ұялы телефонын көтермей қойған.

Өскемен. 11-сәуір. Kazakhstan Today - Өскемен қылмыстық полиция қызметкерлері өз пәтерінде аюандылықпен өлтірілген екі әйелдің өліміне қатысты қылмысты ашты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ШҚО ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, наурыз айының соңында полиция бөліміне жас қыздан хабарлама келіп түседі. Оның айтуынша анасы мен әжесі тұратын пәтердің есігін ешкім ашпай қойған. Қыз есіктің сырттан жабылғанына алаңдаулы болған. Сондай-ақ анасы да ұялы телефонын көтермей қойған.

Осы хабарлама бойынша полиция қызметкерлері аталған мекен жайға бет алады. Тексеру барысында айтылған пәтердің ішінен екі әйелдің мәйіті табылған: 87 жасар зейнеткер мен 45 жасар әйелдің өлі денесітабылған. Екеуінің де басынан түрлі жарақаттар алып, аяғы мен қолдарының сыңған белгілері анықталған. Пәтерде шашылып жатқан заттарға қарағанда бұл қастандық ақша тонау үшін жасалғаны көрініп тұрды. Жедел-тергеу қызмет өкілдері оқиға орнынан қанға малынған балға мен көз жұмған әйелдердің жұлынған шаштарын және басқа да айғақты заттар тапты.

Болған оқиғаның куәгерлерін жолықтыру мақсатында оперативтік қызметкерлер оқиға орын алған жердің айналасын тексеруге кірісті. Болған оқиғаға қатысы болуы мүмкін деген адамдардың қатарына ішімдік ішетін, тұрғылықты тұратын орны жоқ адамдар, сондай-ақ зардап шеккендердің туған-туыстары ілікті. Іс-шара нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктінің аты-жөнін анықтады.

Полицейлер марқұм болғандардың бірінің ұлы, бірінің немересі болатын жігітті тұтқындады. Түсініктеме алу барысында күдікті жасаған қылмысын мойнына алып, істің қалай орын алғанын баяндап берді.

Сол күні таңертең жігіт әжесі мен анасы тұрып жатқан үйге келіп, арақ алу үшін ақша талап ете бастаған. Сондай-ақ оның есірткі заттарын да пайдаланғаны белгілі болды. Ийелдер екеуі қосылып жігітті бұл қылығы үшін ұрыс астына алған. Сол сәтте есі кеткен жігіт қолына балға алып, екеуінің де бастарынан ұрып, "ауыздарын жаппақ" болады. Олар қатты соққыдан сол жерде жан тапсырған. Жігіт қылмыс орнынан қашпас бұрын пәтердегі бар ақшаны қоса жымқырып кетеді. Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жалғасуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны