12.01.2009, 09:28 1784

Өскеменде өрт салдарынан үш адам қаза тапты

Өскеменде өрт салдарынан үш адам қаза тапты

Астана. 12 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Өскеменде өрт салдарынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Өскеменде 11 қаңтарда сағат 21.23-де "Энергетик" бақшашылар қоғамының №22 учаскесінде 30 шаршы метр аумақтағы өртті сөндірген кезде үш ер адамның мәйіті табылды.

Өрт ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметінің 3 арнаулы техникасы мен жеке құрамының 12 адамының көмегімен 23 сағат 43 минутта сөндірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны