17.01.2007, 10:14 1771

Өскеменде пәтердегі өрт салдарынан екі адам қаза тауып, тағы біреуі ауруханаға жатқызылды

АСТАНА. 17-қаңтар. Kazakhstan Today. Өскеменде пәтердегі өрт салдарынан екі адам қаза тауып, тағы біреуі ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Мекеме ақпаратына сәйкес, 17-қаңтарда 3 сағат 47 минутта 20 шаршы метр аумақты шарпыған өртті сөндірген кезде екі адамның мәйіті табылды. Сонымен бірге 2-3 дәрежелі күйікпен 69 жастағы ер адам ауруханаға жеткізілді. Өртті сөндірген кезде 30 адам көшірілді.

Өртті төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің өрт сөндіру қызметінің күштері, атап айтсақ, 20 адамы мен 4 техникасы 5 сағат 28 минутта сөндірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны