07.12.2009, 13:09 1548

Өскеменде Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігі ғимаратының бесінші қабатының терезесінен әкімнің бірінші орынбасарының көмекшісі құлап кетті

Өскеменде Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігі ғимаратының бесінші қабатының терезесінен әкімнің бірінші орынбасарының көмекшісі құлап кетті

Өскемен. 7 желтоқсан. Kazakhstan Today - Өскеменде өткен сенбіде сағат 12.00 кезінде Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігі ғимаратының бесінші қабатының терезесінен әкімнің бірінші орынбасарының көмекшісі Медет Қасенжанов құлап кетті. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігіне ШҚО ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, оқиға орнына жедел жәрдем мен полицияның жедел тобы келіп жеткен кезде әкімнің бірінші орынбасарының көмекшісі тірі болған, бірақ оның жарақаты аса ауыр еді. М. Қасенжанов кешікпей ауруханада көз жұмды.

Жедел жәрдем ауруханасының бас дәрігері Анатолий Шевченко ақпаратты растаудан немесе жоққа шығарудан бас тартты, ол облыстық денсаулық сақтау басқармасының рұқсаты қажеттігіне сілтеді.

Икімдік қызметкерлерінің айтуынша, қаза тапқан жігіт 29 жаста болған, оның кішкентай баласы бар.

Қайғылы оқиғаның себептері әзірге белгісіз.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны