20.10.2010, 14:07 2810

Өскеменде су құбырында болған апат салдарынан екі мың тұрғын үй сусыз қалды

Өскеменде су құбырында болған апат салдарынан екі мың тұрғын үй сусыз қалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 20 - қазан. Kazakhstan Today - Өскеменде су құбырында болған апат салдарынан екі мың тұрғын үй сусыз қалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, апат кеше сағат 15.55 Керамика зауыты маңында орын алып, әбден тозығы жеткен даметрі 400 мм су құбыры жарылған. Соның салдарынан Защита ауылының шамамен 2000 абоненті сусыз қалған.

Төтенше жағдайдың салдарын жоюға "Өскемен қалалық су арнасы" мекемесінің 8 қызметкері мен 5 техникасы жұмылдырылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны