20.04.2012, 10:46 3534

Өскеменде театр әртісін өлтірген өзінің күйеуі болып шықты

42 жасар ер азамат уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды. Оған қатысты ҚР ҚК 103 бабының 3 тармақшасына сәйкес, соңы адам өліміне әкеліп соққан дене жарақатын салу - қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала тергеу жұмыстары басталды", - деп атап өтті Б.Торғаев.

Өскемен. 20-сәуір. Kazakhstan Today - Өскеменде Жамбыл атындағы драма театрының әртісі Жадыра Ибіловані өлгенше соққыға жыққан өзінің күйеуі болып шықты. Қазір ол тұтқынға алынды, тергеу жүргізілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, "таяуда Өскемен қаласынан 7 км жердегі Қайсенов ауылының ауруханасына қолына әйел адамды көтерген ер азамат кіріп, оған медициналық жәрдем көрсетуін өтінген. Дәрігерлер қолдарынан келгеннің бәрін жасап, алайда әйел адамды - облыстық драма театрының әртісі Жадыра Ибілованың өміріне араша түсе алмады. Медицина қызметкерлері оның қаза болғанын айтып, полиция шақырған. Қаза болған келіншекті ауруханаға көтеріп әкелген күйеуі полицейлерге олардың арасында отбасылық ұрыс шығып, соның негізінде соққыға жыққанын айтып берді. Соңынан әйел адам өзін нашар сезініп, оны көтеріп ауруханаға алып келген", - деп әңгімеледі ШҚО ІІД басшысының баспасөз хатшысы Бақытжан Торғаев.

42 жасар ер азамат уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды. Оған қатысты ҚР ҚК 103 бабының 3 тармақшасына сәйкес, соңы адам өліміне әкеліп соққан дене жарақатын салу - қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала тергеу жұмыстары басталды", - деп атап өтті Б.Торғаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны