01.03.2010, 14:28 3163

Өскеменде тепловоз бен бағытты автобустың соқтығысуы салдарынан бір адам қаза тауып, 10 адам зардап шекті

Өскеменде тепловоз бен бағытты автобустың соқтығысуы салдарынан бір адам қаза тауып, 10 адам зардап шекті

Өскемен. 1 наурыз. Kazakhstan Today - Өскеменде тепловоз бен бағытты автобустың соқтығысуы салдарынан бір адам қаза тауып, 10 адам зардап шекті, деп хабарлайды Kazakhstan Today Өскемен әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, апат кеше сағат 14.30-да Бобровск өткелінде болған. "№32 бағытта Өскемен - Бобровка арасында қатынайтын автобус жүргізушісі теміржолдан өтетін кезде бағдаршамның ескерту белгісіне тоқтамаған. Соның салдарынан автобус қар тазартушы тепловозбен соқтығысты", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

"Автобустың 1955 жылы туған жүргізушісі оқиға орнында жан тапсырды. Барлығы 10 адам зардап шекті, олар жедел жәрдем ауруханасы мен қалалық 1-ші ауруханаға жатқызылды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны