19.08.2011, 11:35 3519

Өскеменде тұрғын үйдің ауласында өрт шықты

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеше Өскемен қаласында жеке тұрғын үйлердің бірінің ауласында тұрған "Митцубиси" көлігі өртенген.

Астана. 19-тамыз. Kazakhstan Today - Өскеменде тұрғын үйдің ауласында өрт шықты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеше Өскемен қаласында жеке тұрғын үйлердің бірінің ауласында тұрған "Митцубиси" көлігі өртенген.

Оқиға кезінде күйік шалған 25 жастағы жігіт ауруханаға жеткізілген. Тілсіз жау 4 шаршы метр аумақты шарпыған.

Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 8 маманы мен 2 техникасы жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны