15.09.2009, 11:23 1756

Өскеменде жатақханадағы өрт салдарынан 120 адам сыртқа шығарылды

Өскеменде жатақханадағы өрт салдарынан 120 адам сыртқа шығарылды

Өскемен. 15 қыркүйек. Kazakhstan Today - Өскеменде жатақханадағы өрт салдарынан 120 адам сыртқа шығарылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Өскеменде Серікбаев көшесіндегі жатақхананың үшінші қабатында 14 қыркүйекте сағат 17.18-де өрт шықты. Оқиға орнына 6 өрт сөндіру техникасы мен Апаттық медицина орталығының дәрігерлер тобы мен жедел жәрдем жіберілді, полиция жасағы келді.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, жатақхананың бір бөлмесінде 10 шаршы метр аумақта өрт шыққан. Жатақхананың дәліздерін түтін тұмшалады. Жедел шаралардың нәтижесінде 45 адам құтқарылып, 120 адам сыртқа шығарылды.

"Эвакуацияланған адамдардың арасында балалар, ауыр науқастар мен жүкті әйелдер де болған. Адам шығыны жоқ. Үш адам медициналық көмекке жүгінді. Дәрігерлер олардың жағдайын қанағаттанарлық деп бағалады", - деп хабарлайды ТЖД.

Өрт Шығыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметінің 9 арнаулы техникасы мен жеке құрамының 37 адамының күшімен 19 сағат 22 минутта сөндірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны