07.09.2011, 11:15 3126

Өскеменде жеке үйде болған өрт салдарынан екі адам қаза тапты

Өрт ауданы 60 шашры метрді құрады. Өртті сөндіру кезінде 87 және 55 жастағы екі әйелдің денесі табылды.

Астана. 7-қыркүйек. Kazakhstan Today - Өскеменде жеке үйде болған өрт салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Өскеменде жеке үйде болған өртте екі әйел қаза тапқан. Бұл туралы Қазақстанның ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.

"Өрт ауданы 60 шашры метрді құрады. Өртті сөндіру кезінде 87 және 55 жастағы екі әйелдің денесі табылды", - деп көрсетілген хабарламада.

Өртті жоюға жеке құрамның 20 адамы мен Шығыс Қазақстан облысы ТЖД өрт сөндіру қызметінің үш бірлік техникасы жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны