12.10.2009, 09:58 1514

Өскеменде жер үйдің ауласынан Ф-1 жауынгерлік гранатасы табылды

Өскеменде жер үйдің ауласынан Ф-1 жауынгерлік гранатасы табылды

Астана. 12 қазан. Kazakhstan Today - Өскеменде жер үйдің ауласынан Ф-1 жауынгерлік гранатасы табылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 11 қазанда сағат 09.30-да Өскемен қалалық ІІД пультіне Ахмирово кентінде Аяқбаев көшесіндегі жер үйдің ауласынан жарылғыш зат табылғаны туралы хабар келіп түскен.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, табылған зат Ф-1 жауынгерлік гранатасы болып шықты. Гранатаны ҚР Қорғаныс министрлігінің саперлері жою үшін тәркілеп алды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны