29.09.2009, 13:08 1413

Өскеменде жоғалып кеткен екі жасар қызды төртінші күн іздестіріп жатыр

Өскеменде жоғалып кеткен екі жасар қызды төртінші күн іздестіріп жатыр

Өскемен. 29 қыркүйек. Kazakhstan Today - Өскеменде жоғалып кеткен екі жасар қызды төртінші күн іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today ШҚО ТЖД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "26 қыркүйекте сағат 15.00-де Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөлімінің телефонына хабарласқан Мариловтар 2007 жылы туған Настя Марилова есімді қызы Ертіске батып кетуі мүмкін екендігін хабарлаған".

"Оқыс оқиға "Ертіс-2" саяжайлар массивінде конденсатор зауытының маңында болған. Ересектердің қарауынсыз қыдырып жүрген қыз баланы көрген ешкім табылмаған. Қазір судан құтқару қызметі іздестіру жұмыстарын жүргізуде. Оқиға болған жердің маңайы мен Ертістің ағыс бойы тексерілуде, алайда ол нәтиже бермей отыр", - деп хабарлайды ТЖД.

Мекеменің хабарлауынша, қыздың жоғалуына қатысты басқа жорамалдар да қарастырылуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны