25.01.2007, 11:01 3361

Өскеменде жом мен шрот сақтайтын қойма өртеніп, 1200 тонна ауылшаруашылығы өнімдері зақымданды

АСТАНА. 25-қаңтар. Kazakhstan Today. Өскеменде жом мен шрот сақтайтын қойма өртеніп, 1200 тонна ауылшаруашылығы өнімдері зақымданды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Мекеме ақпаратына сәйкес, 24-қаңтарда "Астана-бизнес" ЖШС-нің жом мен шрот сақтайтын қоймасы өртеніп, жалын 1300 шаршы метрді шарпыды.

Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт салдарынан 1200 тонна жом зақымданды. Өртті ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің өрт сөндіру қызметінің 108 адамы мен 23 техникасы жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны