19.10.2009, 10:40 1732

Өскемендегі "Қазмырыш" металлургиялық кешенінде бір жұмысшы қаза тапты

Өскемендегі "Қазмырыш" металлургиялық кешенінде бір жұмысшы қаза тапты

Астана. 19 қазан. Kazakhstan Today - Өскемендегі "Қазмырыш" металлургиялық кешенінде оқыс оқиғаның салдарынан бір жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында 18 қазанда сағат 16.00-де "Қазмырыш" ЖШС Өскемен металлургиялық кешенінде жөндеу жұмыстары кезінде футеровка опырылып түсіп, 22 жастағы газбен кесушіні басып қалды, жігіт алған жарақаттары салдарынан оқиға орнында жан тапсырды.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сондай-ақ, Астананың Алматы ауданындағы Абылайхан көшесінде 18 қазанда сағат 12.09-да "Тұлпар" тұрғын үй кешеніндегі құрылыс жұмыстары кезінде басынан жарақаттанып, 46 жастағы жұмысшы жігіт оқиға орнында қаза тапты.

Тағы бір оқыс оқиға осы күні Қызылорда облысының Сырдария ауданы Бектас елдімекенінде "Куат Амлон Мұнай" АҚ-да болды. Сағат 11.30-да құбырды түсіру жұмыстары кезінде 39 жастағы жігіт басынан жарақаттанып, оқиға орнында қайтыс болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны