06.10.2010, 16:42 3266

Өскемендегі көтерме сауда базарларының бірінде ірі өрт болды

Өскеменде Тәуелсіздік даңғылындағы көтерме сауда базарында ірі өрт болды. Бұл туралы баспасөз мәслихатында ШҚО ТЖД мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Семей. 6 - қазан. Kazakhstan Today - Өскеменде Тәуелсіздік даңғылындағы көтерме сауда базарында ірі өрт болды. Бұл туралы баспасөз мәслихатында ШҚО ТЖД мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ТЖД хабарлауынша, өрт шығу туралы хабар кезекші бөлімге кеше 19.50 келіп түскен. "Жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан қоймада өрт шыққан. Кейінірек сол күні базардың жұмысшылары өртті өздері сөндірмек болғандығы белгілі болды. Соның салдарынан өрт ушығып кеткен",- деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Жалынды ауыздықтау үшін жеке құрамдағы 50 адам, 10 автотіркеме мен 6 арнайы көлік жұмылдырылуда. Бұл тәулік ішіндегі қойма ғимаратының екінші өртену оқиғасы.

"Өскеменнің өрт сөндірушілері өртпен 15 сағаттан астам уақыт арпалысқан. Өрт ошағы толықтай сөнгеніне көз жеткізу үшін олар қойманы бөлшектеп тексеруде",- деп атап өтті мекемедегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны