18.05.2012, 10:23 3077

Өскемендегі тұрғын үйлердің бірінде болған өрт салдарынан 18 адам құтқарылды

Өрт бір сағаттан кейін сөндірілді. Оны ауыздықтауға ҚР ТЖМ Шығыс Қазақстан облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 14 адамы мен 4 техникасы жұмылдырылды.

Астана. 18-мамыр. Kazakhstan Today - Өскемендегі тұрғын үйлердің бірінде болған өрт салдарынан 18 адам құтқарылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Өскемен қаласында бес қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатындағы пәтерлердің бірінде өрт болды, жалын 24 шаршы метр аумақты шарпыды.

Өрт бір сағаттан кейін сөндірілді. Оны ауыздықтауға ҚР ТЖМ Шығыс Қазақстан облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 14 адамы мен 4 техникасы жұмылдырылды.

Өртті сөндіру барысында 15 адам қауіпсіз жерге көшіріліп, 18 адам құтқарылды, олардың ішінде 1 бала бар. Өрт салдарынан 2012 жылы дүниеге келген нәресте иіс тиіп, ауруханаға жеткізілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны