12.01.2012, 10:33 3197

Өскемендегі жер үйлердің бірінде өрт шығып, бір әйел қаза тапты

Кеше Өскемен қаласындағы жер үйлердің бірінде өрт шыққан. Жалын 4 шаршы метр аумақты шарпыған. Өртті сөндіру барысында 1955 жылы дүниеге келген әйелдің денесі табылған.

Астана. 12-қаңтар. Kazakhstan Today - Өскемендегі жер үйлердің бірінде өрт шығып, бір әйел қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеше Өскемен қаласындағы жер үйлердің бірінде өрт шыққан. Жалын 4 шаршы метр аумақты шарпыған. Өртті сөндіру барысында 1955 жылы дүниеге келген әйелдің денесі табылған.

Өртты сөндіруге ҚР ТЖМ Шығыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 23 маманы мен 3 техникасы жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны