29.12.2020, 15:40 26313

Қосшы ауылында қазандық пен металл пластик бұйымдар цехында үлкен өрт болды

Өрт сағат 02.35-те ауыздықталып, сағат 04.20-да сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Ақмола облысы. 29 желтоқсан. Kazakhstan Today - 2020 жылғы 28 желтоқсанда сағат 00.22-де Целиноград ауданының Ақмол ауылы №22 өрт сөндіру бөлімінің байланыс пунктіне Ақмола облысы, Целиноград ауданының Қосшы ауылында қазандық жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сағат 00:23-те оқиға орнына жақын маңдағы Қабанбай батыр ауылындағы Ақмола облысы ТЖД №34 өрт сөндіру бекетінің өрт сөндіру автоцистернасы (арақашықтығы 18 шақырым) және Ақмол ауылындағы №22 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру автоцистернасы (арақашықтығы 45 шақырым) жіберілді.

Оқиға орнына қосымша Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД күштері мен құралдары (арақашықтығы18 шақырым) жіберілді.

Бірінші бөлімше шақыру орнына келген кезде сағат 00.50-де (27 минуттан кейін) жалпы алаңы 750 шаршы метр қазандық пен металл пластик және жиһаз бұйымдарын өндіретін цехтың толықтай отқа оранғаны анықталды.

Өртті сөндіруге және Нұр-Сұлтан қаласы және Ақмола облысы ТЖД өртке қарсы қызметінің 34 қызметкері мен 5 өрт сөндіру автоцистернасы жұмылдырылды.

Өрт сағат 02.35-те ауыздықталып, сағат 04.20-да сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны