08.08.2011, 14:12 3034

Отбасылық жанжал жет адамның ажалымен аяқталды

Жергілікті WKYC телеарнасының хабарлауынша, 7 тамыз күні жергілікті уақыт бойынша таңғы 11 сағаттар шамасында 911 нөмірінен полицияға дабыл келіп түскен.

Алматы. 8 тамыз. Kazakhstan Today - АҚШ-ның Огайо штатында отбасылық жанжал нәтижесінде ер адам жеті адамды атып өлтірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Жергілікті WKYC телеарнасының хабарлауынша, 7 тамыз күні жергілікті уақыт бойынша таңғы 11 сағаттар шамасында 911 нөмірінен полицияға дабыл келіп түскен. Полиция қаланың шетіндегі оқиға орнына келіп жеткенде күдікті оларға атыс бастап, қарсы атылған оқпен атып өлтірілген, деп жазады Lenta.ru сайты.

Кейінірек, қылмыскердің сол маңдағы үш үйде атыс ұйымдастырғаны анықталған. Полиция бірінші үйден 5 адамның денесін, сол үй орналасқан көшедегі бір үйден бір денені және көршілес көшедегі тағы бір үйден бір адамның денесін тапқан. Қаза болғандардың арасында 11 жастағы бала да бар. Күдіктінің нысанына сегізінші болып іліккен бір адам ғана тірі қалған. Қазір ол Акрон қаласының ауруханасында аса ауыр халде жатыр.

WKYC телеарнасының ақпаратына сүйенсек, оқиғаға отбасылық жанжал себеп болған көрінеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны