23.06.2008, 10:09 1350

Өткен демалыс күндері республикада бес адам суға батып кетті

Өткен демалыс күндері республикада бес адам суға батып кетті

Астана. 23 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Өткен демалыс күндері республикада бес адам суға батып кетті, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, 22 маусымда сағат 18.00-де Алматы облысының Бастөбе ауылында Қаратал өзеніне 5 жасар бала батып кетті.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сонымен бірге, Қарағандыда 21 маусымда 21 сағат 45 минутта Федоровское су қоймасына ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери қызметкері суға батып кетті; Қарағанды облысының Сатпаев қаласында 22 маусымда 15 сағат 55 минутта Айнакөл көліне 24 жастағы жігіт батып кетті; Солтүстік Қазақстан облысында (Нагорное ауылынан 2 шақырым жерде) 21 маусымда сағат 14.00 -де 16 жасар бала қазаншұңқырға батып кетті; Петропавловск қаласында "Карьерный" қазаншұңқырына 22 маусымда 8 жасар қыз батып кетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны