08.11.2006, 16:40 2707

Өткен тәулікте Алматы қаласында 7 жол апаты тіркеліп, бір адам қаза тапты

АЛМАТЫ. 8-қараша. Kazakhstan Today. Өткен тәулікте Алматы қаласында 7 жол апаты тіркелді. Соның салдарынан 9 адам әртүрлі деңгейдегі жарақаттар алып, 1 адам қаза тапты. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Алматы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Кеше сағат 13-00 шамасында "Мицубиси-Делика" көлігінің жүргізушісі "Жұлдыз-2" ықшамауданындағы Дөнентаев көшесінің бойында жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

№4 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілген 83 жастағы әйел ауыр жарақаттан қайтыс болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны