12.06.2013, 16:09 3164

Өткен тәулікте Алматыда 21 жол-көлік оқиғасы тіркелді

Алматы ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеше сағат 19:20-да Жансүгіров пен Омаров көшесінің қиылысында БМВ 525 маркалы автокөлік "Ямаха Вираго" мотоциклімен соқтығысты. Жансүгіров көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан БМВ көлігі мотоциклге жол бермей Омаров көшесінен солға бұрылып, жол-көлік апатын жасаған. Салдарынан мотоцикл жүргізушісі алған жарақатынан сол жерде көз жұмды.

Алматы. 12-маусым. Kazakhstan Today - Өткен тәулікте Алматыда 21 жол-көлік оқиғасы тіркелді, одан 1 адам көз жұмып, 34 адам әр түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеше сағат 19:20-да Жансүгіров пен Омаров көшесінің қиылысында БМВ 525 маркалы автокөлік "Ямаха Вираго" мотоциклімен соқтығысты. Жансүгіров көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан БМВ көлігі мотоциклге жол бермей Омаров көшесінен солға бұрылып, жол-көлік апатын жасаған. Салдарынан мотоцикл жүргізушісі алған жарақатынан сол жерде көз жұмды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны