11.10.2006, 10:13 3444

Өткен тәулікте елімізде түрлі өндірістік апаттар мен оқыс оқиғалардан үш адам қаза тауып, біреуі зардап шекті

АСТАНА. 11-қазан. Kazakhstan Today. Өткен тәулікте елімізде түрлі өндірістік апаттар мен оқыс оқиғалардан үш адам қаза тауып, біреуі зардап шекті. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Мәселен, Алматыда 10-қазанда жылу құбырын тарту үшін ор қазу жұмыстары кезінде топырақ опырылып кету салдарынан "Диамат ГРУПП" ЖШС-нің жұмысшысы үйінді астында қалып, оқиға орнында көз жұмды.

Ақтөбеде "Айфуд-Ақтөбе" ЖШС аумағында 10-қазанда тұрмыстық газ аспабын пайдалану ережелерін бұзу салдарынан кәсіпорынның екі әйел жұмысшысы газдан уланды. Соның салдарынан олардың біреуі оқиға орнында мерт болып, екіншісі ауруханаға жатқызылды.

Сондай-ақ, Теміртауда "Бис-СК" ЖШС аумағында 10-қазанда монтаждау жұмыстары кезінде кәсіпорын жұмысшысы 8 метр биіктіктен құлап қаза тапты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны