11.08.2006, 09:48 2778

Өткен тәулікте елімізде түрлі жұмыстар барысында өндірісте үш адам мерт болды

АСТАНА. 11-тамыз. Kazakhstan Today. Өткен тәулікте елімізде түрлі жұмыстар барысында өндірісте үш адам мерт болды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Мекеме ақпаратына сәйкес, Алматының Түріксіб ауданында "Алматыгорстрой" АҚ зауытында 10-тамызда 11 сағат 20 минутта жұмыс барысында цемент құйылған ыдысқа құлап кеткен жұмысшы мерт болды. Оның мәйітін кәсіпорын қызметкерлері шығарып алды.

Сонымен бірге сол күні Қарағанды облысының Сәтпаев қаласында "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС Жезқазған кен орнындағы шахтада тау жынысының құлауы салдарынан жарғыш-оператор қаза тапты. Шахта жұмысшылары оның денесін жер бетіне шығарып алды.

Қарағанды облысының Шет ауданында Ақжал кен орнында кеше 17 сағатта осы мекеменің электригі жұмыс барысында тоққа соғылып жан тапсырды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны