11.08.2006, 15:49 2950

Өткен тәулікте Қарағанды облысында 3 мың гектардай дала массиві өртеніп кетті

ҚАРАҒАНДЫ. 11-тамыз. Kazakhstan Today. Өткен тәулікте Қарағанды облысының Абай ауданында 3 мың гектардай дала массиві өртеніп кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі төтенше жағдайлар жөніндегі департаментке сілтеме жасап.

Далалық өрт 16 сағат шамасында Ақбастау ауылынан 7 шақырым жерде шыққан. Оқиға орнына 5 техника жіберілді. Өртке қарсы күрес қызметінің 32 жауынгері тілсіз жаумен арпалысты. Түн ортасына таман ғана оны сөндіруге мүмкіндік туған.

Өрттен ешкім зардап шеккен жоқ.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны