11.06.2007, 12:00 2586

Өткен тәулікте Қазақстанда екі жол апатынан 3 адам қаза тауып, 12-сі ауруханаға жатқызылды

АСТАНА. 11-маусым. Kazakhstan Today. Өткен тәулікте Қазақстанда екі жол апатынан 3 адам қаза тауып, 12-сі ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Атап айтсақ, Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында Алматы-Екатеринбург тас жолының бойында "Мицубиси" көлігі аударылды. Апат салдарынан 37 жастағы жолаушы қаза тауып, жүргізуші мен тағы алты жолаушы ауруханаға түсті.

Сондай-ақ, Павлодар-Екібастұз тас жолының 30-шы шақырымында "Хонда" жүргізушісі "Тойотамен" соғысты. Апат салдарынан "Хонда" жүргізушісі мен "Тойотаның" жолаушысы қаза тапты. "Тойота" жүргізушісі мен алты жолаушы ауруханаға түсті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны