10.07.2013, 10:35 3750

Өз ұлын абайсызда өлтіріп алды

Алматы облысының тұрғыны үйінің ауласында тракторын артқа жүргізе бергенде, 1 жасар ұлын байқамай басып кетті, деп хабарлайды облыстың ІІД баспасөз қызметі.

Талдықорған. 10-шілде. Kazakhstan Today - Өз ұлын абайсызда өлтіріп алды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы облысының тұрғыны үйінің ауласында тракторын артқа жүргізе бергенде, 1 жасар ұлын байқамай басып кетті, деп хабарлайды облыстың ІІД баспасөз қызметі.

Іле ауданының орталық ауруханасына 1 жасар нәресте келіп түседі. Анасының айтуынша, отағасы тракторын артқа жүргізе бергенде, бала дөңгелектің астында қалып қойған. 33 жасар азамат трактордың артқы жағында ойнап отырған баласын байқамаған.

Ауыр жараланған сәби есін жимаған күйде ауруханада көз жұмды.

Қазіргі кезде тергеу алды тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Баспасөз қызметінің мамандары бұл жазатайым болған жағдай бағамдап отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны