21.07.2008, 17:24 2752

Өзбекстанда автобазадағы жарылыс салдарынан 17 адам зардап шекті

Өзбекстанда автобазадағы жарылыс салдарынан 17 адам зардап шекті

Алматы. 21 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Өзбекстанның Новои ауданы Үшқұдық қаласындағы автобазада алты автокөлік, соның ішінде жанармай құю барысында екі "Икарустың" тамтығы қалмай өртеніп кетті. Жарылыс салдарынан 17 адам зардап шекті, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Вести.UZ" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

"Оқыс оқиға немқұрайдылық пен қауіпсіздік техникасы талаптарын өрескел бұзу салдарынан болған. "Икарус"автобусына жанармай автобазаның жөндеу цехының ішінде газ тасушы автокөліктен тікелей құйылып жатқан, ал бұған тыйым салынады", -деді осы елдің ТЖМ қызметкері Акмал Уринбаев.

Барлық зардап шеккендер Новои тау-кен-металлургиялық комбинатының медициналық саниатрлық бөліміне жатқызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны