31.07.2007, 11:25 5902

"Өзен-Атырау-Самара" мұнай құбырындағы өрт сөндірілді; өртті сөндіру барысында бір адам зардап шекті

АСТАНА. 31 шілде. Kazakhstan Today. "Өзен-Атырау-Самара" мұнай құбырындағы өрт сөндірілді; өртті сөндіру барысында бір адам зардап шекті. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

30 шілдеде сағат 4-те диаметрі 1200 миллиметрлік "Өзен-Атырау-Самара" мұнай құбырының жаңадан тартылған 34-114 шақырымдағы бөлігінің 100-ші шақырымында жоспарлы жұмыстар кезінде өрт шықты. Мұнай құбырының тетіктері жабылып, мұнай жіберілмей қалды.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт салдарынан бір адам зардап шекті: "Қазтрансойл" АҚ-ның 34 жастағы машинисі күйікпен Жаңаөзен қалалық ауруханасына түсті.

"15 сағат 30 минуттағы жағдаймен өрт сөндіріліп, магистральға қосу үшін мұнай құбырының арматурасы бекітілді. Өртті сөндіруге ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің жеке құрамының 38 адамы мен 8 техникасы жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны