29.01.2009, 15:56 1425

Өзінің сегіз айлық өгей ұлын сабап өлтірген Павлодар облысының тұрғыны 7,5 жылға бас бостандығынан айрылды

Өзінің сегіз айлық өгей ұлын сабап өлтірген Павлодар облысының тұрғыны 7,5 жылға бас бостандығынан айрылды

Павлодар. 29 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Кеше Павлодар облысында сегіз айлық баланың өліміне қатысты іс бойынша сот талқысы аяқталды. Қазақстан Бүгін тілшісінің облыстық соттың хабарламасына сілтеме жасап хабарлауынша, 26 жастағы ер адам ҚР Қылмыстық кодексінің 103-ші бабының 3-тармағы (денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру арқылы абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан әрекет) бойынша айыпты деп танылды.

Қала іргесіндегі Розовка ауылының тұрғыны 7,5 жылға бас бостандығынан айрылды. Ол жазасын жалпы тәртіпті абақтыда өтейді. Сонымен бірге, соттың шешімімен жігіт маскүнемдіктен мәжбүрлеп емделетін болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны