11.01.2013, 11:09 4168

Пәкістандағы қос жарылыс құрбандарының саны 70-ке жетті

Пәкістанның оңтүстік-батысындағы Кветта қаласында бильярд клубының жанында орын алған екі жарылыстың салдарынан, соңғы мәліметтерге сәйкес, 70 адам қаза болып, ондаған адам жараланған, деп хабарлайды жергілікті полиция.

Астана. 11-қаңтар. Kazakhstan Today - Пәкістандағы қос жарылыс құрбандарының саны 70-ке жетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Пәкістанның оңтүстік-батысындағы Кветта қаласында бильярд клубының жанында орын алған екі жарылыстың салдарынан, соңғы мәліметтерге сәйкес, 70 адам қаза болып, ондаған адам жараланған, деп хабарлайды жергілікті полиция.

Екінші жарылыс құрбандарының саны біріншісіне қарағанда әлдеқайда көп. Себебі бірінші жарылыстан кейін қайғылы оқиға орнына полиция қызметкерлері мен журналистер келіп жеткен болатын. Қаза болғандардың арасында алғашқы жарылыстың салдарын түсіруге кіріскен жергілікті телеарнаның операторы да бар.

Бұған дейін бейсенбі күні Кветтегі басқа жарылыстың салдарынан 11 адам қаза тауып, ондаған адам жараланған болатын. Жарылыс үкіметтік жасақ сарбаздары отырған көліктің жанында адам көп шоғырланған жерде орын алған. Бұл лаңкестік әрекет үшін жауапкершілікті жергілікті көтерілісшілер өз мойындарына алды.

Кветта - Белуджистан провинциясының астанасы. Онда қарулы қақтығыстар ондаған жылдар бойы жалғасып келеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны