19.01.2011, 15:08 3924

Пәкістанның оңтүстік батысында 7,5 балдық жер сілкінісі болды

Пәкістанның оңтүстік батысында 7,5 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі "РосБизнесКонсалтинг" РАА сілтеме жасай отырып.

Алматы. 19 - қаңтар. Kazakhstan Today - Пәкістанның оңтүстік батысында 7,5 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі "РосБизнесКонсалтинг" РАА сілтеме жасай отырып.

Жергілікті уақыт бойынша 01.23-те (астана уақыты бойынша 03.23-те) болған жер асты дүмпулерінің кіндігі Далбан-дин қаласының батысына қарай 55 шақырым жерде тіркелген. Зілзала ошағы 10 шақырымдай тереңдікте орналасқан.

Изірге жер сілкінісінен қаза тапқандар мен жараланғандар туралы ақпарат түскен жоқ. Жер сілкінісінің салдарынан Белуджистан - Кветта қаласында кемінде 10 шақты үй қираған. Ал Карачи қаласында үш қабатты ғимарат түгелдей қирап қалған.

Сондай-ақ, Мултан және Лахор қалаларында да қатты жер асты дүмпүлері сезілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны