01.10.2010, 15:49 2966

Паттайидағы жағажайдан қаззақстандықтың өлі денесі табылды

Бүгін түнде Паттайидағы (Таиланд) жағажайдан қаззақстандықтың өлі денесі табылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі жергілікті Pattaya Daily News баспасына сілтеме жасай отырып.

Алматы. 1 - қазан. Kazakhstan Today - Бүгін түнде Паттайидағы (Таиланд) жағажайдан қаззақстандықтың өлі денесі табылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі жергілікті Pattaya Daily News баспасына сілтеме жасай отырып.

Баспаның хабарлауынша, таңғы сағат 03.30 шамасында Паттайи жағажайында шетелдік азаматтың өлгендігі туралы хабар келіп түскен. Оқиға орнынан келген күш құрылымдарының қызметкерлері жағажайдың маңында жатқан адамның денесінің үстінен түскен.

Тексере келе қайтыс болған адам Қазақстанның 42 жасар азаматы Ермек Илжанов екендігі белгілі болған.

Қазіргі уақытта полицейлер Е. Илжановтың зәкірдің арқанына оралып қалып, көз жұмуы мүмкін деген болжам жасауда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны